Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Ақтөбе тұрғыны күтпеген жағдайға тап болғанын айтты. Оның сөзінше, өзі көлік жүргізбесе де, жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін тұрақты түрде айыппұл алып келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ақтөбе тұрғыны күтпеген жағдайға тап болғанын айтты. Оның сөзінше, өзі көлік жүргізбесе де, жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін тұрақты түрде айыппұл алып келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сабина Жаманқұлованың Lada.kz басылымына айтуынша, бірнеше жыл бұрын ол Грузиядан әкелінген Toyota Camry көлігін Қазақстанға кіргізуге көмектескен. Көлік шекарадан оның атына сенім білдірілген тұлға ретінде өткен. Кейін ол Атыраудағы сатып алушыға тапсырылып, артынша Ақтауда қайта сатылған.
Әйелдің айтуынша, дәл осыдан кейін оның атына жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін айыппұлдар келе бастаған.
"Апта сайын жаңа айыппұл келеді. Кеше ғана – 33 мың теңге, одан бір апта бұрын тағы 33 мың теңге келді. Жалпы бөтен адамның құқық бұзушылықтары үшін шамамен 150 мың теңге төледім. Себебі шетелге жиі шығамын, шектеуге тап болғым келмеді", – дейді ол.
Жаманқұлованың айтуынша, өзі Ақтөбеде тұрады және Ақтауда пайдаланылып жүрген көлікке ешқандай қатысы жоқ. Алғашқы айыппұлдар келгеннен кейін ол полицияға жүгінгенімен, мәселе шешілмеген.
"Мені үнемі бір жерден екінші жерге жібере берді. Тек адвокатқа жүгінгеннен кейін ғана іс қозғала бастады", – дейді әйел.
Қазір бұл дау сотта қаралып жатыр. Ол көлікті өз атына тіркелген мәліметтерден алып тастап, нақты иесінің атына рәсімдеуді талап етіп отыр.
Сабина Жаманқұлованың айтуынша, заң жүзінде ол Toyota Camry көлігінің иесі болмаған. Оның болжамынша, қателік көлікті елге кіргізу кезінде құжаттарды рәсімдеу барысында кеткен.
"Шекарада менің тек сенім білдірілген тұлға ретінде көлікті елге әкелгенім тіркелді. Бірақ кейін белгісіз себеппен көлік менің атымда тұрғандай болып рәсімделген", – деп түсіндірді ол.
Қазір әйел сот арқылы көлікті нақты иесінің атына қайта рәсімдеуге тырысып жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу