Аптап ыстық +46 ға дейін Қазақстанда 2026 жылдың маусымы қандай болады

01.06.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Синоптиктер Қазақстан бойынша 2026 жылдың маусымына арналған консультативтік ауа райы болжамын ұсынды. Елдің басым бөлігінде орташа ауа температурасы климаттық нормадан 1–2 градус жоғары болады деп күтіледі, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктер Қазақстан бойынша 2026 жылдың маусымына арналған консультативтік ауа райы болжамын ұсынды. Елдің басым бөлігінде орташа ауа температурасы климаттық нормадан 1–2 градус жоғары болады деп күтіледі, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Температура климаттық нормадан асады

"Қазгидромет" мәліметінше, елдің батысында температуралық фон орташа есеппен норма шамасында сақталса, қалған өңірлерде көпжылдық көрсеткіштерден жоғары болады деп болжанады.

Оңтүстік және орталық аймақтарда кейбір кезеңде +40…+46 градусқа дейін қатты ыстық болуы мүмкін.

Маусым басындағы тұрақсыз ауа райы

Бірінші онкүндікте Қазақстанның басым бөлігінде циклондар мен соған байланысты атмосфералық фронталды бөліктердің өтуінен ауа райы құбылмалы болады. Республика бойынша найзағай ойнап, бұршақ жауады және екпінді жел соғып, өткінші жаңбыр жауады деп күтіледі, Қазақстанның солтүстік-батыс жартысында кей уақытта нөсерлетуі мүмкін. Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-батысында кей күндері шаңды дауыл тұрады деп болжанады.

Ауа температурасының біртіндеп көтерілуі күтіледі:

елдің батысы мен оңтүстік-батысында, Ақтөбе облысында түнде +6...+12 градустан +13...+22 градусқа дейін, күндіз +15...+25 градустан +27...+32 градусқа дейін жылиды; республиканың оңтүстік-батысында +35 градусқа дейін барады.

Ауа температурасының ауытқуы келесідей болжанады:

республиканың солтүстігінде, Қостанай облысында түнде +11...+16 градустан +15...+20 градусқа дейін, күндіз +21...+26 градустан +28...+33 градусқа дейін; елдің оңтүстігінде түнде +17...+25 градустан +13...+18 градусқа дейін, күндіз +33...+40 градус ыстықтан +23...+31 градусқа дейін төмендейді. Ал елдің оңтүстік-шығысында ыстық біртіндеп +33...+38 градустан +20...+27 градусқа дейін бәсеңдейді деп күтіледі.

Онкүндіктің басында республиканың шығысы мен орталығында күндіз ауа температурасы +33...+39 градусқа дейін қатты ысыйды. Дегенмен, қалған уақытта негізгі температуралық фон түнде +13...+20 градус, күндіз +25...+33 градус шамасында болады.

Маусымның екінші жартысында жаңбыр мен найзағай күтіледі

Маусымның екінші және үшінші онкүндіктерінде аптап ыстық мезгіл-мезгіл салқын әрі жаңбырлы күндерге ауысады. Жауын-шашын кезінде найзағай ойнап, жел күшейіп, жекелеген аудандарда бұршақ жауып, шаңды дауыл тұруы ықтимал.

Температуралық режим де тұрақсыз болады:

Қазақстанның батысы, солтүстігі, орталығы және шығысында ауа температурасы түнде +8...+18 градустан +15...+25 градусқа дейін, күндіз +28...+33 градустан +35...+39 градус ыстыққа дейін өзгереді; елдің орталығында +42 градусқа дейін өте қатты ыстық болады; Қазақстанның оңтүстігінде температура түнде +14...+23 градустан +20...+28 градусқа дейін, күндіз +28...+33 градустан +34...+40 градусқа дейін ауытқиды, кей күндері +40...+46 градусқа дейін өте қатты аптап болады.

Тағы оқыңыз: Алдағы күндері Қазақстанда нөсер жауады

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью