Аптап ыстық: Францияда үш ядролық реактордың жұмысы тоқтады

13.07.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Фото: АР

Реакторлардың жұмысы Гольфеш, Бюже және Ножан-сюр-Сен атом электр станцияларында уақытша тоқтатылды. Басылымның мәліметінше, бұл шешім ең алдымен өзендердегі су экожүйелеріне келетін зиянды азайту мақсатында қабылданған.

Германияда маусым айындағы аптап ыстықтан 5 мыңнан астам адам көз жұмды

Қазіргі уақытта Францияда соңғы бір жарым айдағы үшінші аптап ыстық толқыны байқалып отыр. Синоптиктердің болжамынша, ол келесі аптаның ортасына дейін жалғасады.

12 шілдеде Францияның метеорологиялық қызметі елдің 37 департаментінде аптап ыстыққа байланысты ең жоғары – қызыл деңгейдегі қауіп жариялады. Ал 46 департаментте қызғылт сары деңгей енгізілді. 13 шілдеде қызыл деңгейдегі ескерту 37 департаментте күшінде қалып, қызғылт сары деңгей 47 департаментке таралды.

Францияда аптап ыстықтан бір аптада 2 мыңнан астам адам көз жұмды

Сондай-ақ елдің көп өңірінде орман өрттері өршіп жатыр.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью