Аптап ыстық күшейеді синоптиктер Астана мен Алматыға арналған болжамды нақтылады

08.07.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

"Қазгидромет" синоптиктері Астана мен Алматыда алдағы үш күнде – 9, 10 және 11 шілдеде ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Астанадағы ауа райы болжамы

9 шілдеде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыс бағыттағы желдің жылдамдығы түнде секундына 3-8, күндіз 7-12 метр. Ауа температурасы түнде +17...+19 градус, күндіз +32...+34 градус жылы болады.

10 шілдеде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +18...+20 градус, күндіз +34...+36 градус ыстық болады.

11 шілдеде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +19...+21 градус, күндіз +35...+37 градус ыстық болады.

Алматыдағы ауа райы болжамы

9 шілдеде көшпелі бұлт шығады, күндіз аздап жаңбыр жауып, күн күркірейді. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8, күндіз екпіні секундына 13 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +18...+20 градус, күндіз +31...+33 градус жылы болады.

10-11 шілдеде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +20...+22 градус, күндіз +34...+36 градус ыстық болады.

Қазақстанда 45 градус ыстық болады

"Қазгидромет" мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның батысы мен солтүстік-батысында жаңбыр жауып, күн күркіреуі, бұршақ жауып, екпінді жел соғуы күтіледі. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында да қысқа мерзімді жаңбыр жаууы мүмкін. Елдің қалған аумағында құрғақ әрі ыстық ауа райы сақталады. Оңтүстікте күндіз ауа температурасы +45 градусқа дейін көтеріледі. Толығырақ осы жерден оқыңыз.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью