Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
El Confidencial басылымының жазуынша, ДДСҰ мамандары күндіз бөлмені желдету үшін терезені ашу – ең жиі жіберілетін қателіктердің бірі екенін айтқан.
"Өйткені сырттағы ауа бөлме ішіндегі ауадан ыстық болады. Сондықтан ыстық күндері әдетке айналған бұл әрекет сырттағы ыстық ауаның үйге енуіне себеп болады", – деп түсіндірді ұйым мамандары.
Осыған байланысты ДДСҰ өкілдері бөлмені тек түнде немесе таңертең ерте желдетуге кеңес береді.
Сондай-ақ, мамандар күндіз күн сәулесінің бөлмеге түсуіне жол бермеу үшін жалюзи, перде және терезе қақпақтарын жабық ұстау қажет екенін айтты. Бұл бөлме ішіндегі температураның көтерілуіне жол бермейді.
Бұған дейін гздалған сусынды жиі ішу қандай қауіп төндіретіндігін жазғанбыз.