Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
фото:pixabay.com
Жаз мезгілінде ауа температурасының көтерілуі көліктің техникалық жағдайына әсер етіп қана қоймай, өрт шығу қаупін де арттырады.
Мамандардың айтуынша, аптап ыстықта көлікті ұзақ уақыт күн астында қалдыру салон ішіндегі температураны бірнеше есе көтереді. Бұл электр жүйесінің қызып кетуіне, жанғыш сұйықтықтардың булануына және түрлі ақаулардың пайда болуына себеп болуы мүмкін.
Көлікті қорғау үшін бірнеше қарапайым ережені сақтау маңызды:
Мүмкіндігінше көлеңкелі жерге немесе жабық автотұраққа қойыңыз. Қозғалтқыштағы май мен салқындатқыш сұйықтықтың деңгейін үнемі тексеріңіз. Электр сымдарының жарамдылығын бақылап, ақау байқалса уақытында жөндетіңіз. Көлік ішінде газ баллонын, жанармай құйылған ыдыстарды, аэрозольдерді, оттықтарды және басқа да тез тұтанатын заттарды қалдырмаңыз. Доңғалақтардың қысымын мезгіл-мезгіл тексеріңіз, өйткені ыстықта ауа кеңейіп, қысым артуы мүмкін. Көлікте міндетті түрде жарамды өрт сөндіргіш болғаны жөн.Төтенше жағдайлар министрлігі жүргізушілерді өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға шақырады. Егер көліктен түтін шығып немесе өрт белгілері байқалса, көлікті қауіпсіз жерге тоқтатып, адамдарды алыстатып, бірден 112 нөміріне хабарлау қажет. Уақытылы әрекет ету адам өмірін сақтап, ірі материалдық шығынның алдын алуға көмектеседі.
Еске салайық, бұған дейін Астанада автокөлік жарылысынан кейін ауыр жарақат алған Алмас Әдешов ауруханада көз жұмғанын хабарлаған едік.