Аптап ыстықтың беті қайтады: Еліміздің солтүстігінде күн салқындайды

22.06.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Фото: ашық дереккөз

Ел аумағында циклонның ығысуына байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде бұршақ жауады деп күтіледі. Желдің екпіні күшейіп, шаңды дауыл соғуы мүмкін.

«Көптен күткен салқын ауа райы күтіледі. Еліміздің солтүстік және орталық өңірлерінде ауа температурасы +23...+28 градус шамасында болады», делінген хабарламада.

Қазақстанда жаз айларында ауа райы қандай болады? Синоптиктер болжамы

Алайда барлық өңірде ыстықтың беті қайтпайды. Оңтүстік және шығыс аймақтарға Өзбекстан аумағынан құрғақ әрі жылы ауа массаларының келуі жалғасып, соның әсерінен ауа температурасы +33...+38 градусқа дейін сақталып, жекелеген аудандарда +40 градусқа дейін жетеді.

Бүгін ауа райына байланысты Астана мен 17 облыс бойынша ескерту жарияланды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью