Ақ үй мен Қытай TikTok ты сату туралы келісімге келді

23.01.2026

Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

TikTok жаңа компания, TikTok USDS Joint Venture LLC қосымшасының АҚШ-та қолжетімділігін қамтамасыз ететінін хабарлады.

- Компания кең ауқымды деректерді қорғау, алгоритм қауіпсіздігі, мазмұнды модерациялау және АҚШ пайдаланушылары үшін бағдарламалық жасақтама сапасын қамтамасыз ету арқылы ұлттық қауіпсіздікті қорғайтын белгілі бір кепілдіктер бойынша жұмыс істейді, - делінген мәлімдемеде.

TikTok-тың Бейжіңде орналасқан иесі ByteDance АҚШ бөлімшесіндегі 19,9% үлесін сақтап қалады. Бірлескен кәсіпорынды жеті мүшеден тұратын директорлар кеңесі басқарады.

Жаңа компанияны Адам Прессер басқарады, ал TikTok-тың бас директоры Шоу Чу директорлар кеңесіне қосылады. TikTok-тың айтуынша, директорлар кеңесі мүшелерінің көпшілігі америкалықтар болады.

TikTok-тың америкалық нұсқасы америкалық технологиялық алып Oracle, Калифорнияда орналасқан Silver Lake жеке меншік капитал фирмасы және БАӘ-де орналасқан MGX инвестициялық фирмасы сияқты инвесторлар тобына тиесілі болады.

«TikTok-ты сақтап қалуға көмектескеніме қатты қуаныштымын! Енді ол америкалық патриоттар мен инвесторлар тобына тиесілі болады. Болашақта мені TikTok-ты қолданатындар мен жақсы көретіндер ұмытпайды деп үміттенемін», - деді Дональд Трамп Truth Social арнасында.

Трамп өз әкімшілігін «бұл келісімді әдемі аяқтауға» көмектескені үшін мақтады.

АҚШ президенті сонымен қатар Қытай көшбасшысына алғысын білдірді.

- Сондай-ақ, Қытай төрағасы Си Цзиньпинге бізбен ынтымақтастығы және сайып келгенде, келісімді мақұлдағаны үшін алғыс айтқым келеді. Ол басқаша бара алар еді, бірақ олай істемеді және мен оның шешімін жоғары бағалаймын, - деді Трамп.

Америкалықтар TikTok-тың ең үлкен аудиториясын құрайды, елде 200 миллионнан астам белсенді пайдаланушысы бар.

Бұғае дейін 16 жасқа толмағандардың платформаға кіруін шектеу туралы үндеулерге жауап ретінде TikTok ЕО-да адам жасын тексеру жүйесін енгізіп жатқаны хабарланған болатын.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью