Ақ үйде Гренландияға қатысты келіссөз өтеді

14.01.2026

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Бүгін Ақ үйде АҚШ өкілдері Дания мен Гренландияның Сыртқы істер министрлерімен келіссөз жүргізеді.

Кездесуге Гренландияның АҚШ бақылауына өтуден бас тартуы себеп. Автономиялық елдің премьері Йенс-Фредерик Нильсен «Дания құрамында боламыз» деп мәлімдеген. Бірақ оның бұл сөзі Трамптың сынына ұшырады. АҚШ президенті «Гренландияның аумағы стратегиялық жағынан маңызды жерде тұр, келіспеушілік үлкен қиындықтарға соқтырады» деп есептейді. Дания үкімет басшысы Метте Фредериксен «Құрама Штаттардың өктемдігі халықаралық дағдарыс тудырып, НАТО-ның ауызбіршілігіне зор нұқсан келтіреді» деп ескертті.

 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью