Ақ жол, Асу!

14.01.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Ең жеңіл салмақта өнер көрсетіп жүрген қазақтың аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев UFC-дегі келесі кездесуін 28 ақпанда Мексикада жергілікті спортшы Брэндон Мореноға қарсы өткізеді.

Қандасымыздың қар­сыласы, 32 жастағы Тихуана қаласының тумасы спорттың бұл түрімен бозбала шағынан шұғылданып келеді. 2011 жылдан бері түрлі жарысқа қатысып жүр. Сол аралықта 34 кездесу өткізіп, 23 рет жеңіске жетті. 16 бәсекеде айқын басымдық танытты. Жеті рет ұтылып, екі жекпе-жекте тең есеп тіркелді. Мексикалық марғасқаның UFC-де күш сынасып жүргеніне 10 жылға жуықтады. Бұл ретте де елеулі табыстарға қол жеткізді. 2021 жылдың маусымында бразилиялық Дейвисон Фигейредуді қылқындырып тас­тап, промоушеннің чемпиондық атағын олжалады. Арада жеті ай өткен соң дәл сол файтерден ұтылып, алтын белбеуден айырылды. 2023 жылдың қаңтарында Фигейредумен тағы да айқасты. Бұл жолы Мореноның мерейі үстем болып, чемпиондық тәжді қайта иеленді. Бірақ «Адам өлтіргіш бала» (Брэндонның бүркеншік есімі) сол жылдың шілде айында Бразилияның беткеұстары Алешандре Пантожаға есе жіберіп, тұғырдан түсті.

Брэндон Мореноның UFC-дегі рекорды – 11 жеңіс, 6 жеңіліс, 2 рет тең түсті. Соңғы рет ол былтырғы 6 желтоқсанда Лас-Вегаста жапо-ния­лық Тацура Таи­радан ойсырай ұтылды. Соған қарамастан қазір Брэндон UFC-дің рейтингінде 5-орында тұр.

А.Алмабаев – Жамбыл облысы, Сарысу ауданының тумасы. Жасы 31-де. Спорттық мансабын 2013 жылы бастады. Сол аралықта 26 рет октагонға шығып, 23 мәрте мерейі үстем болды. 13 қарсыласын есінен тандырды. UFC-дегі рекорды – 6 жеңіс, 1 жеңіліс. Екі жарым жылдан аса уақыт аралығында «Зұлфикар» (Асудың бүркеншік есімі) Оде Ос­борн (Ямайка), Си-Джей Вейгара (АҚШ), Хосе Джон­сон (АҚШ), Матеус Николау (Бразилия), Хосе Очао (Перу), Алекс Перез (АҚШ) сынды спортшыларды сабады. Асудың әлі тек Манел Капеге (Поругалия) жетпеді. Қандасымыз соңғы екі жекпе-жегін жарқын жеңіспен аяқ­тады. Бұл күндері Алмабаев UFC рей­­тингінде 7-орынды еншілеп отыр. 

Соңғы жаңалықтар

«Соңғы көштің» шынайы кейіпкері

Тағзым • Бүгін, 08:48

Қазақ кітаптары – Үндістанда

Руханият • Бүгін, 08:45

Оралхан арманы орындалып келеді

Руханият • Бүгін, 08:43

Жеке мектеп мемлекет меншігіне берілді

Аймақтар • Бүгін, 08:40

Желіде жарысқан мұғалімдер

Білім • Бүгін, 08:37

Жәрдемақы мөлшері артты

Қоғам • Бүгін, 08:35

Сан бар, сапа қандай?

Білім • Бүгін, 08:33

Қарттарға жан-жақты қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 08:30

Білім ошағы ашылды

Білім • Бүгін, 08:28

Еңбек нарығының ерекше буыны: Өзін-өзі жұмыспен қамту заман талабы ма, әлде амалсыздық па?

Қоғам • Бүгін, 08:25

Дана БӨКЕНОВА: «Bloomberg»-тегі жұмысым кәсіби деңгейімді көтерді

Сұхбат • Бүгін, 08:23

Ұлттық құрылтай – қоғам трансформациясының арқауы

Құрылтай • Бүгін, 08:20

Өркендеудің қозғаушы күші

Жастар • Бүгін, 08:17

Ашық ой, айқын ұстаным

Пікір • Бүгін, 08:15

Музыка тарихындағы іргелі бастама

Өнер • Бүгін, 08:13

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью