Ақ жол партиясы еңбек адамының құқығын қорғау мәселесін назардан қалдырмады

09.08.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

«Ақ жол» демократиялық партиясы Республикалық сайлауалды штабының Алматы облысындағы жұмыс кездесулері жалғасын тауып, Қарасай ауданындағы «ANSAR FOODS» ЖШС-де жұмысшыларымен кездесті, - деп хабарлайды Aikyn.kz сайты «Ақ жол» партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Сайлауалды үгіт-насихат науқаны аясында «Ақ жол» демократиялық партиясының Республикалық сайлауалды штабының мүшелері «ANSAR FOODS» ЖШС макарон өнімдерін өндіруге маманданған кәсіпорынның қызметімен танысты.

Өндіріс барысымен танысқаннан кейін еңбек ұжымымен кездесу өтіп, штаб мүшелері «Ақ жол» демократиялық партиясының сайлауалды бағдарламасындағы негізгі бастамаларды таныстырды. Әсіресе, отандық өндірісті қолдау, инвестиция тарту, шағын және орта бизнесті дамыту, жаңа жұмыс орындарын құру және еңбек адамының құқықтарын қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Әңгіме барысында өңдеу өнеркәсібін дамыту перспективалары, отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, кәсіпорындарды кадрлармен қамтамасыз ету, сондай-ақ әкімшілік кедергілерді азайту және қолайлы іскерлік ортаны қалыптастыру бағытындағы шаралар талқыланды.

Кәсіпорын қызметкерлері өз ұсыныстарын ортаға салып, еңбек жағдайы, өндіріс секторына көрсетілетін мемлекеттік қолдау және отандық кәсіпорындарды одан әрі дамыту мәселелері бойынша сауалдарын қойды. 

Кездесу соңында тараптар алдағы уақытта да өзара сындарлы ынтымақтастықты жалғастыруға ниет білдіріп, өндіріс секторы мен кәсіпкерлікті дамытуға қатысты өзекті мәселелерді тікелей талқылауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью