Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Ол өзінің саяси процестерге қатысу тәжірибесі негізінде «Ақ жол» демократиялық партиясы Мемлекет басшысының бір палаталы Парламентке көшу жөніндегі бастамасына нық қолдау білдіргенін еске салды.
Азат Перуашевтың айтуынша, екі палаталы Парламент — бұл федералдық мемлекеттік құрылым институты, онда Сенаттың міндеті – федерация субъектілерінің заңнамасын үйлестіру.
— Қазақстан — бірыңғай заңдары мен ережелері бар унитарлық мемлекет. Елдің әртүрлі өңіріндегі адамдардың өмір сүруі мен мемлекеттік қызметтер сапасына бірдей кепілдік беріліп, қорғалуына ұмтыламыз. Бұл тұрғыда өңірлер мен олардың тұрғындарының мүдделері тең дәрежеде сақталуы тиіс, — деді депутат.
Ол Мемлекет басшысы бұл бағытта 2022 жылы қадам жасағанын айта келе, сол кезде заңдардың қабылдануы Мәжіліс құқығына жатқызылды, ал Сенатқа заң жобаларын мақұлдау немесе оларға ұсыныстар енгізу функциясы берілгенін атап өтті.
— Сондықтан Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қазіргі бастамасы Конституцияның дәйекті эволюциясының логикасын көрсетті. Сонымен қатар бұл біздің саяси жүйемізді және оның институттарын жетілдіреді, — деп атап өтті Азат Перуашев.
Оның сөзіне қарағанда, бүгінде бір палаталы Парламенттің мемлекеттік билік жүйесіндегі өкілеттігін күшейту бойынша оңтайлы шешімдер әзірленді.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Мемлекеттік кеңесші — Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары Ерлан Қарин Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның бірінші отырысында Құрылтай депутаттарын сайлауда қандай тәсіл қолданылатынын нақтылады.