Ақ жол партиясы сайлауалды науқаны аясында Жетісу өңірінің тұрғындарымен кездесті

26.07.2026

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Бүгін сайлауалды науқан аясында «Ақ жол» демократиялық партиясының Жетісу облыстық филиалында Ашық есік күні өтті, - деп хабарлайды Aikyn.kz
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттығына партиялық тізім бойынша қатысатын кандидаттар мен партия өкілдері тұрғындармен кездесті. Жүздесу барысында олар партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырды. Сондай-ақ қатысушыларға партияның сайлауалды бағдарламасы бойынша ақпараттық-үгіт материалдары таратылды.

Партия өкілдерінің айтуынша, мұндай кездесулер халықпен ашық әрі сындарлы диалог орнатуға көмектеседі.

Тұрғындардың өзекті мәселелерін тыңдалып, олардың ұсыныс-тілектерін ескеріліп, кері байланысты нығайтуға жақсы мүмкіндік туды. Сонымен қатар жергілікті тұрғындар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, жауабын алып, өз ұсыныс-пікірлерімен бөлісті.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью