Ақ жол партиясының өкілдері несие, ипотеканы жеңілдету мәселесін талқылады.

19.08.2026

Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

«Ақ жол» партиясының сайлауалды штабы «Атырау вагон құрастыру зауытының» еңбек ұжымымен кездесті, - деп хабарлайды Aykin.kz сайты «Ақ жол» партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жиынға «Ақ жол» партиясының төрағасы Дания Мадиқызы мен Құрылтай депутаттығына үміткерлер қатысып, зауыттың өндірістік жұмысымен танысты.

Ал еңбек ұжымы өз кезегінде несие, ипотеканы жеңілдету, азаматтардың қаржылық жүктемесін азайту, баспана қолжетімділігі және жеке мәліметтердің коллекторларға таралуы сияқты ең өзекті мәселелерді көтерді.

«Ақ жол» партиясының өкілдері отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және халықтың әлеуметтік мәселелерін шешу, оның ішінде азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша өз ұсыныстарын айтып, жұмысшылардың пікірлерін мұқият тыңдады

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью