Ақ жол партиясының төрағасы Дания Еспаева Қарағанды жұртшылығымен кездесті

31.07.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

«Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Дания Еспаева Қарағанды облысындағы жұмыс кездесулерін бастады, - деп хабарлайды Aikyn.kz сайты «Ақ жол» партиясының баспасөз қызметі. 

Алғашқы кездесу «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағында орналасқан «Seven Refractories Asia» ЖШС-де өтті. Металлургия өнеркәсібіне арналған отқа төзімді материалдар өндіруге машықтанған бұл кәсіпорын – өңірдегі заманауи өнеркәсіп орындарының бірі. Осы жерде «Ақ жол» демократиялық партиясы  төрағасы мекеменің еңбек ұжымымен жүздесті. Қалыптасқан игі дәстүр бойынша Дания Еспаеваны әдемі гүл шоғымен, ыстық ықыласпен қарсы алды.

Жиын барысында «Ақ жол» демократиялық партиясының партия өкілдері сайлауалды бағдарламаның негізгі қағидаларын таныстырып, отандық өндірісті дамыту, кәсіпкерлікті қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашу, салық саясатын жетілдіру және өнеркәсіпті өркендету үшін қолайлы жағдай жасау мәселелеріне ерекше назар аударды.

Кездесуге қатысу «Ақ жол» партиясы өндірістік кәсіпорындардың жұмысы, өнеркәсіптік әлеуетті арттыру, білікті мамандар даярлау және отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін одан әрі нығайту сияқты өзекті мәселелерді талқылады.

Жұмысшылардың сұрақтарына «Ақ жол» демократиялық партиясы Дания Еспаева нақты жауап берді.

Оның айтуынша, экономиканың нақты секторын дамыту, қазақстандық өндірушілерге қолдау көрсету және өндіріс ауқымын кеңейтуге жағдай жасау – «Ақ жол» демократиялық партиясының сайлауалды бағдарламасындағы ең басты бағыттары.

Жиын соңында  тараптар өнеркәсіпті дамытудың келешегі туралы пікір алмасты. «Ақ жол» демократиялық партиясы еліміздің экономикалық тұрақты өсуі үшін мемлекет, бизнес және еңбек ұжымдарының өзара іс-қимылын одан әрі жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью