Ақбота екеуіміз бір шешімге келдік... : Дәурен Айдарқұлов жеке өмірі туралы айтты (видео)

25.11.2025

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Актер Дәурен Айдарқұлов Аман Тасығанға берген сұхбатында  жеке өмірі туралы айтты, – деп жазды Aikyn.kz.  

Актер әнші Ақбота-Нұр Сейітмағамбет екеуінің балалары ата-анасымен тұратынын жеткізді.

"Ақботадан екі баламыз бастапқыда анасымен бірге тұрған. Бірақ Ақбота әрдайым сыртта жүреді. Күтушімен тұру бала үшін қиындау. Туған-туыстың махаббатын сезіне алмайды. Менің үш баламды анам тәрбиелеген. Ақбота екеуміз сондай шешімге келдік. Балалар ата-әжесімен, менің қарындасыммен тұрғаны дұрыс деп шештік. Ақботаның тұратын үйі бізден алыс емес. Сондықтан екі ортада жүреді, демалыс күні алып кетеді", - дейді актер. 

Дәурен Айдарқұлов ажырасу өзіне оңай тимегенін айтты. Ол болған жағдайды қабылдау үшін біраз уақыт кеткенін жасырмады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью