Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Өкінішке қарай, апаттың алдын алу мүмкін болмай, пойыз 11 жылқыны қағып кетті. Пойыз 23 минут кідіруге мәжбүр болды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында көлік полицейлері Ақмола облысындағы шаруа қожалықтарының бірінің 35 жастағы мал бағушысын анықтады.
— Ер адам темiржолдардың бөлінген жолағында мал жаю қағидаларын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Шұғыл тежеу жолаушылар мен пойыз бригадалары мүшелерінің өмірі мен денсаулығына орны толмас зиян келтіріп, темір жол көлігі қозғалысының қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін. Осыған байланысты көлік полицейлері үй жануарлары иелерінің теміржолдың бөлінген жолағында мал жаюға жол бермеуі және оларды қараусыз қалдырмауы тиіс екенін тағы да ескертеді, — делінген хабарламада.
ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, жыл басынан бері көліктегі полиция департаментінде пойызды шұғыл тежеудің 234 фактісі тіркелген, оның ішінде 61-і теміржол бойында адамдардың, 167-сі үй жануарларының болуымен байланысты және басқа да себептер бар.
Айта кетейік, былтыр 44 адамды пойыз басып кетсе, соның 27-і көз жұмды.