Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
АЛМАТЫ, 28 мамыр – Sputnik. Ақмола облысындағы Целиноград ауданында 14 жастағы бала көкпар тартып жүріп көз жұмды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Қайғылы оқиға 26 мамырда болған. 2012 жылғы жасөспірім аттан құлап кеткен.
"Тергеу барысында ұйымдастырушылардың және қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты адамдардың іс-әрекеті тексеріледі", - дейді Ақмола облыстық полиция департаменті.
Полиция қызметкерлері қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.
Целиноград аудандық әкімдігі Sputnik Қазақстанға оқиғаның 26 мамырда Рақымжан Қошқарбаев ауылдық округінің маңында болғанын айтты.
"Ойын азаматтардың жеке бастамасы бойынша өткізілді және ресми спорттық немесе бұқаралық іс-шара болған жоқ. Аудан әкімдігі оны өткізу туралы хабарламады, жергілікті атқарушы органның атына келісім алуға өтініш түскен жоқ", - дейді әкімдік.
Алдын ала ақпарат бойынша, ойынға ересек азаматтар қатысқан. Кәмелетке толмаған қатысушы бұл жерге туыстарымен бірге келген. Ол ойынға қатысушылардың бірінің орнына алынған.
Сондай-ақ елді мекенде аудандық немесе облыстық мекемелердің балансында тұрған көкпар бойынша мемлекеттік спорт секциялары жоқ.