Ақмола облысында 3 жасар баланы жылқы таптап кеткен

10.06.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Фото: Pixabay

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бала медициналық мекемеге жатқызылды. Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», деп мәлімдеді полиция өкілдері.

Ақтауда ерекше күтімді қажет ететін бала жарақат алды: тергеу басталды

Кейбір дереккөздердің мәліметінше, оқиға ат жарысы кезінде болған. Шабандоздардың бірі жылқыны басқара алмай қалып, салдарынан бала зардап шеккен.

Қазіргі таңда бүлдіршін Астанадағы көпсалалы аурухананың жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр. Дәрігерлер оның ішкі ағзаларына ауыр зақым келгенін, бауыры жыртылып, қолы сынғанын анықтаған. Балаға бірнеше ота жасалған.

Дәрігерлердің айтуынша, баланың жағдайы әлі де ауыр күйінде қалып отыр.

Ақтөбе облысында 11 жастағы бала ойын алаңында ауыр жарақат алды

Еске салайық, бұған дейін Тараздағы мектеп аумағында биіктіктен құлаған оқушы ауыр жарақат алғаны туралы жаздық.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью