Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Ақмола облысында «Таза Қазақстан» бастамасы аясында 379 заңсыз қоқыс орны жойылып, 217 мың тоннадан астам қалдық шығарылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі.
– Бастама жүзеге асырылған уақыттан бері ғана 285 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылықтың жолы кесіліп, 95 заңды тұлға жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар нәжіс қалдықтарын белгіленбеген жерлерге төгіп кеткен 81 ассенизатор көлігі арнайы тұраққа қойылды, - дейді Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Полиция қызметкерлері тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын заңсыз төгу, абаттандыру қағидаларын бұзу фактілерін анықтау бойынша рейдтер күн сайын жүргізілетінін атап өтті. Құқық қорғау органдары өңірдің тазалығы мемлекеттік органдар мен коммуналдық қызметтерге ғана емес, әр тұрғынның жауапкершілігіне де байланысты екенін тағы бір рет еске салды.
Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы