Ақмола облысында 60 адам жылыту пункттеріне орналастырылды

12.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, өңірде өте күрделі метеорологиялық жағдай қалыптасқан.

— Облыстың көптеген аумағында құтқарушылар жергілікті атқарушы органдар мен полициямен бірлесіп апатты-құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Әртүрлі республикалық маңызы бар автожолдардан адамдар эвакуацияланып жатыр. Сағат 22:00 жағдай бойынша қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Эвакуациялық пункттерге 60 адам орналастырылды, — деді Ақмола облысы ТЖД ресми өкілі Ерсайын Қойшыбаев.

Сонымен қатар, Бұланды ауданының құтқарушылары малын бағуға шыққан, бірақ қайтып оралмаған адамды тауып алды. Іздеу жұмыстары Макинск қаласынан 16 км қашықтықта жүргізілді. Ер адам солтүстік-батыс өнеркәсіптік аймақтағы көпір астынан табылды. Ол медициналық көмекке мұқтаж болмады.

Степногорск қаласында құтқарушылар қар құрсауында қалған трактордағы адамдарды эвакуациялады.

Құтқарушылар облыс тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіздік ережелерін сақтауды, мүмкіндігінше ұзақ сапарларға шықпауға, автожолдардың жабылуы туралы ақпаратқа назар аударуға және ауа райы нашарлаған жағдайда елді мекеннен тыс шықпауға шақырды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қарағанды — Астана тасжолында полицейлер боран кезінде 3,5 мыңнан аса көлікті алып жүрді.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью