Ақмола облысында әйелді пышақтап, пәтеріне қамап кеткен: күдікті көршісі

10.08.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

АСТАНА, 10 тамыз – Sputnik. Ақмола облысы Атбасарда пәтерден ауыр жарақаты бар әйел ес-түссіз күйде табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Пәтерден денесінде пышақ жарақаты бар 58 жастағы әйел табылған. Күдікке ілінген - көршісі.

Пәтерге кіру үшін полицейлер есікті сындыруға мәжбүр болған. Әйел алған ауыр жарақатынан ауруханада көз жұмды.

"Адам өліміне әкеп соққан, қасақана ауыр дене жарақатын келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - дейді Ақмола облысының полиция департаментінде.

Тергеу жүріп жатыр.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью