Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Ақмола облысында әкесі мен баласы есірткі зертханасын ұйымдастырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ақмола облысында әкесі мен баласы есірткі зертханасын ұйымдастырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің қызметкерлері есірткі зертханасын жойды. 54 жастағы ер адам мен оның 26 жастағы ұлы ұсталды.
Әкесі ұлын заңсыз бизнеске тартып, синтетикалық есірткі өндіруді үйреткен. Арнайы операция барысында:
200 келі мефедрон; 2 тоннадан аса прекурсор; химиялық реактор; түрлі жабдықтар тәркіленді."Тәркіленген есірткі 600 жүз мың бір реттік дозаға тең. Қара нарықтағы құны 5 миллиард теңге болады немесе 10 млн АҚШ долларынан асады. Бұл есірткі заңсыз айналымға түссе, мыңдаған адамның тағдырына балта шабушы еді", - деді ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің төрағасы Данияр Мейірхан.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!