Ақмола облысында аң аулауға шыққан ер адам оққа ұшты

09.09.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

АСТАНА, 8 тамыз – Sputnik. Ақмола облысының Зеренді ауданында аң аулауға шыққандардың бірі серіктесін атып алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

6 қыркүйекте болған оқиға туралы әлеуметтік желіде жазылды.

Алты адам елік аулауға шыққан. Аңшылардың бірі мылтықтан артқа қарай абайсызда оқ атқан. Оқ оның артында тұрған 64 жастағы ер адамға тиген.

Алған жарақатынан ол оқиға орнында көз жұмды.

Полиция қылмыстық іс қозғады.

"Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қару иесі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Мылтық Көкшетау қаласының тұрғынына тиесілі болған", - дейді Ақмола облысының полиция департаменті.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью