Zakon.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Алдын ала мәліметтер бойынша, 2023-2025 жылдар аралығында жергілікті ЖШС-ның бірінің ақшалай қаражаты жымқыру жолымен ұрланып, кейіннен үшінші тарап ұйымының шоттарына аударылуы мүмкін.
"Келтірілген залал сомасы шамамен 25 миллилон теңгені құрайды. Қазіргі уақытта тергеушілер қажетті тергеу және іс жүргізу әрекеттерін жүргізуде, тиісті сараптамалық зерттеулер тағайындалып, қаржылық құжаттама мен ақша қаражаттарының қозғалысы зерттелу үстінде. Іс бойынша жасалған қылмысқа қатысы бар адамдар сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде тексерілуде". Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметі
Тергеу шаралары жалғасуда.
Бұған дейін Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны жүргізуші куәлігін сатып аламын деп 6 млн теңгесінен қағылғанын жазғанбыз.