Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, «Астана – Атбасар – Жақсы» автожолының 25-шақырымында «Газель» маркалы автокөлік тексерілген. Жүк бөлігін қарау кезінде төрт ірі қара малдың ұшасы табылған. Жүргізуші жүкке қатысты ветеринариялық және ілеспе құжаттарының жоқ екенін бірден мойындаған.
Осы бағытта дәл сол уақытта тағы бір құқық бұзушылық тіркелген. Полицейлер «Volkswagen Transporter» маркалы шағын автобусты тоқтатып, салоннан алты ірі қара мал ұшасын анықтаған. Жүргізушінің айтуынша, ет Астана қаласында сатуға арналған.
Екі жағдайда да ветеринариялық ілеспе құжаттардың болмауы белгіленген талаптардың бұзылуы болып саналады. Жүргізушілер жақын маңдағы полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта учаскелік инспекторлар заңнамаға сәйкес тиісті шараларды қабылдап жатыр.
Ақмола облысы ПД патрульдік полиция ротасының 3-взвод командирі Бақыт Қабкештің айтуынша, азаматтар көбіне жеке өндірген ет өнімдерін құжатсыз тасымалдайды.
– Алайда ветеринариялық анықтамалар мен растайтын құжаттардың болмауы елеулі сұрақтар туындатады. Себебі мұндай құжаттар еттің ауру малдан алынбағанын және ұрлық жолымен табылмағанын растайды, – деді ол.
Полиция азаматтарды заң талаптарын сақтауға және ет өнімдерін тасымалдау кезінде барлық қажетті құжаттарды өзімен бірге алып жүруге шақырды.
Бұған дейін Ақмола облысы тасжолында болған апатта жүргізуші көліктің ішінде қысылып қалғаны хабарланды.