Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
АЛМАТЫ, 14 тамыз – Sputnik. Ақмола облысында бір ай бұрын аттан құлаған 33 жастағы әйел көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қайғылы оқиға 6 шілдеде Целиноград ауданындағы ат спорты клубтарының бірінде болған.
Астана қаласының 33 жастағы тұрғыны ауыр жарақат алып, бір айдан астам уақыт ауруханада ес-түссіз жатқан. Өкінішке қарай, ол 13 тамызда қайтыс болды. Полиция қылмыстық іс қозғады.
"6 шілдеде Астана қаласының тұрғыны аттан құлады. Осыған байланысты қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызметтер көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиға Целиноград ауданының аумағында орналасқан ат клубтарының бірінде болды", — дейді Ақмола облысының полиция департаменті.
Тергеу жүріп жатыр.