Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Ақмола облысына жұмыс сапары барысында «Ауыл» партиясының сайлауалды штабы Көкшетау қаласындағы «Eurasia Group Kazakhstan» ЖШС филиалының еңбек ұжымымен және Біржан сал ауданының Үлгі ауылының тұрғындарымен кездесті, - деп хабарлайды Aikyn.kz сайты «Ауыл» партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесуде Үлгі ауылында бастау алған «Қаз хабы» жобасының жүзеге асу барысы таныстырылды. Бүгінде жоба өзінің тиімділігін дәлелдеп, ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және тұрғындардың табысын арттыруға айтарлықтай үлес қосып келеді. Бұл бастама ауылдық аумақтарды дамытудың заманауи әрі нәтижелі үлгісіне айналып отыр.
Сондай-ақ, аграрлық сала жұмысшыларымен кездесуде агроөнеркәсіп кешенін дамыту, заманауи технологияларды енгізу, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу, жаңа жұмыс орындарын құру және ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту мәселелерін талқыланды.