Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
ТЖД бөлімшелері келген кезде балабақшаның жертөлесіндегі электр жабдығының қысқа тұйықталуы анықталды.
— Қауіпсіздік мақсатында құтқарушылар 49 адамды, оның ішінде 39 баланы эвакуациялады. Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның себебі анықталып жатыр, — делінген хабарламада.
Бұдан бұрын Павлодарда бір топ бүлдіршін балабақшада ұшынып, ауруханаға түскенін жазғанбыз.
Кейіннен балалар тамақтан ұшынған балабақшаның бірнеше қызметкері жұмыстан шеттетілгені белгілі болды.