Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Облыстық прокуратура мәліметінше, 2025 жылы Бұланды ауданы прокуратурасының бастамасымен балаларды асырауға қаражат төлеуден жалтарғаны үшін ҚК-нің 139-бабы бойынша кәмелетке толмаған балаларды асырауға төлеуден жалтарған азаматшаға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.
Аудан прокуратурасы борышкердің міндеттемелерді орындау бойынша шараларды қолданбай ұзақ уақыт бойы әрекетсіз болғанын анықтады.
Нәтижесінде оның қарызы 2,2 млн теңгеден асты. Сот үкімімен борышкерге бір жыл бас бостандығын шектеу тағайындалды.
- Ата-ананың кәмелетке толмаған балаларын күтіп-бағуға сот шешiмi бойынша қаражат төлеу жөніндегі міндеттерін үш айдан астам орындамағаны үшін екі жылға дейінгі мерзімде бас бостандығынан шектеуге немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға тартылатындығын еске саламыз, - делінген хабарламада.
Айта кетейік, ШҚО-да баласына алимент төлемеген ер адам түрмеге қамалды.
Қостанай облысында алимент бойынша 72 борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Ақмола облысында 23 млн теңгеден астам алимент өндірілді.