Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
АЛМАТЫ, 9 желтоқсан – Sputnik. Ақмола облысында биыл он бір айда 2 440 адам жануарлардан зардап шекті, деп хабарлайды облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы.
Зардап шеккендердің 906-сы 14 жасқа дейінгі балалар. Көпшілігін, яғни 1568-ін ит талаған. Ал мысықтан 658 адам зардап шеккен.
"Негізінен Есіл, Ерейментау және Бурабай аудандарында жабайы жануарлар, оның ішінде түлкі мен қарсақ тістеді деп 4 өтініш түскен", - дейді ведомство.
Жануарлардан ең көп зардап шеккендер – көкшетаулықтар. Барлығына профилактикалық екпе жасалды.
"Антирабиялық вакцина 1609 азаматқа жасалды, 824 зардап шеккен адам аралас курс иммуноглобулин және вакцина алды. Жалпы 2433 адамға вакцинация жүргізілді. Ауруханаға 22 адам жатқызылды", - деп жазылған хабарламада.