Ақмола облысында бөгет жарылған жерде жол төсемінің деңгейі көтеріліп жатыр

06.04.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

АСТАНА, 6 сәуір – Sputnik. Ақмола облысында бөгет жарылған жерде, Астана – Қорғалжын тас жолында жол төсемінің деңгейін көтеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

ТЖМ, жергілікті атқарушы органдар қызметкерлері мен тұрғындар еріген қару суын дала аймағына қайта бағыттап жатыр.

"Халық үшін қауіп жоқ. Жұмыс тәулік бойы жалғасып жатыр. Қазіргі уақытта шамамен 5 мың қап және 50 мың тонна инертті материал дайындалды, ұзындығы 800 метрге жуық топырақ үйіндісі төселді", - деп жазылған ТЖМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

ТЖМ Төтенше жағдайлардың алдын алу комитетінің төрағасы мен ТЖ департаментінің басшылығы оқиға орнына барды.

Еске сала кетейік, Ақмола облысының Қорғалжын ауданындағы "Шөптікөл" бөгеті бұзылған болатын.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью