Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
АЛМАТЫ, 23 маусым - Sputnik. Ақмола облысы Астрахан ауданының аумағынын 5 жастағы бала табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Оқиға 17 маусымда болды. Полицияның айтуынша, бала кешкі уақытта жалғыз болған. Денесінде жарақаттар болған.
"Балаға дене жарақатын әкесінің ағасы салғаны алдын-ала анықталған. Сонымен қатар сотқа дейінгі тергеу барысында болған оқиғаның барлық ықтимал нұсқалары, оның ішінде баланың ата-аналары айтқан нұсқалары тексеріледі", - дейді полиция.
Сотқа дейінгі азаптау және кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау фактілері бойынша тергеу жүріп жатыр.
Бала қазіргі кезде емдеу мекемесінде ем алып жатыр. Дәрігерлер ол ауруханаға жеткізілгенде жағдайы нашар болғанын айтады.
"Бала өткен аптада аудандық ауруханалардың біріне жеткізілді. Денесінде соққының іздері бар, қарны аш, күтім көрмеген. Дәрігерлер толық тексеруден өткізді. Қазір ауруханада жатыр, баланың қауіпсіздігі үшін палатасын полиция қызметкерлері күзетіп жүр", - дейді Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы.