Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Фото: Видеодан алынған кадр
Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары ақпарат түскен бойда оқиға орнына шұғыл түрде жетті. Мамандардың кәсіби әрі үйлесімді іс-қимылының арқасында қызыл жалынның көршілес құрылыстар мен үйдің басқа бөліктеріне таралып кетуіне жол берілмеді. Өрт сөндірушілердің қажырлы еңбегі нәтижесінде тілсіз жау 100 шаршы метр аумақта толығымен ауыздықталып, жойылды.
Ресми мәліметтерге сүйенсек, оқыс оқиғадан зардап шеккендер жоқ.
Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Бұған дейін Ақтөбе қаласының 12 шағын ауданында көпқабатты тұрғын үйдің тоғызыншы қабатындағы пәтерден өрт шыққан еді.