Ақмола облысында интернет алаяқтығы тыйылмай тұр

28.01.2026

24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Жыл басынан бері киберқылмысқа қатысты 34 дерек тіркелді.

Былтырдың өзінде 1 мың 138 тұрғын алаяқтардың құрбаны болған. Ұрланған сома 1 миллиард теңгеге жуықтайды. Бірақ қылмыскерлерді әшкерелеу оңай болмай тұр.

Алаяқтардың құрбаны болғандардың бірі Күнсұлу. Оның атына белгісіз біреулер банк арқылы 600 мың теңге көлемінде несие рәсімдеген.

Күнсұлу қала, тұрғыны:

- Курьер деп звондады. Бір документ әкелуіміз керек. Пинкод айтсаңыз деп. Сол кезде мен түсіндім что эот  мошенники и трубканы тастадым. Сосын екі сағаттан кейін маған басқа нөмердан цоннан деп звондады. Сосын олар айтты бүкіл данныйларыңыз мошенниктардың қолындарында бар, оларға кіріп сіздің атыңызға одобрение алу үшін. Сосын ол кісі тағы сұрады менен если сізге бұл ақша керек емес болса, онда банктің өзіне жібереміз деп. И мен айттым керек емес, отказ берем деп. Сосын ол маған бір счет нөмер жіберді. Сол номерге жібергеннен кейін маған хоум.банктан звондады.

Пәтерді өтірік жалға беру, заңсыз онлайн несие рәсімдеу, банк карталарын бұзуды әбден меңгерген алаяқтар енді әлеуметтік желілерді бұзып, ақша сұрауға көшкен. Тиісті қаржы қолына тигесін зым-зия жоқ болады.

Балауса Жақсыбай, қала тұрғыны:

- Менің уотсап желімді екі рет алаяқтар бұзды. Біріншісінде барлық нөмерлардан 200 мың теңге сұраған. Одан кейін жақында 180 мың теңге сұрады. Хабарламада былай деп жазылған «сәлем, 180 мың теңге бере тұршы. Ертең таңертең қайтарам деп». Ешкім ақша жібермеген.

Алаяқтықты әшкерелеу қиын, дейді полицейлер. Әсіресе әрекетін шет елдерде отырып жасайтындарға тұсау салу қиын. Олардың байланыс нөмірлері мен басқа да деректері уақытша. Мысалы былтыр тіркелген киберқылмыстық істердің тек 18 пайызы әшкереленді. 124 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Райымбек Дүйсенбаев, ПД Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі:

- Азаматтарға келтірілген шығын 977 млн.теңге болды. Оның ішінде 109 млн.теңге қайтарылды. Негізгі интернет-алаяқтықтың түрлерінің бірі ол алаяқтар банктік қызметкер ретінде және байланыс операторлар ретінде звондайды. Осы факт бойынша қылмыстық істер бойынша полиция департаментімен жедел іздестіру шаралары жүргізіледі.

Алаяқтар бұған дейін тек қоңырау шалумен шектеліп келсе, енді жасанды интеллектінің көмегімен бейнеқоңырау арқылы хабарласатын болған. Осыған орай былтыр елде киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті құрылды. Жалпы интернет-алаяқтарға алданып қалсаңыз, дереу 102 номеріне хабарласқаныңыз дұрыс дейді полицейлер.

Абзал Азаматұлы, Евгений Шинкаренко

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью