Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Ақмола облысындағы Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжінің 71 курсанты ауруханаға түсті. Олардың 24-інен қызылша дерті анықталды.
Қалғандары жіті респираторлық вирус жұқтырған. Қазір науқастар жұқпалы аурулар бөлімінде емделіп жатыр. Дәрігерлердің сөзіне қарағанда, курсанттардың жағдайы тұрақталып келеді. Ал індет ошағына айналған әскери колледж оқшауланып, шектеу шаралары енгізілді. Жағдайды Қорғаныс министрлігі мен облыстық денсаулық сақтау басқармасы жіті бақылауға алған.
Нариман Ермек, Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
- Қазіргі уақытта курсанттардың өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Кеше үш бала ауыр хәлде реанимацияға түскен еді. Қазір олардың жағдайы тұрақталып, палатаға ауыстырылды. Науқастар дәрігерлердің жіті бақылауында. Тиісті ем-дом шаралары көрсетіліп жатыр.