Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Ақмола облысында полиция қызметкері жұмыс барысында қаза тапты.
Оқиға бүгін Астана–Ерейментау-Шідерті автожолында болған. Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісі рульді басқара алмай, патруль инспекторын қағып кетті. Салдарынан полиция аға лейтенанты Асанәлі Аскербеков қайтыс болды. Қазір тергеу басталды. Және марқұмның отбасына барлық қолдау көрсетіледі. Бұл жайлы қайғыра көңіл айтқан Ішкі істер министрі Ержан Сәденов мәлімдеді.