Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Ақмола облысының Зеренді және Целиноград аудандарында екі адам көз жұмды, — деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ақмола облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиғалар өңірдің екі ауданында тіркелген.
— Алдын ала мәлімет бойынша Зеренді ауданында дала жұмыстарын жүргізу кезінде Еленовка ауылының 46 жастағы тұрғыны қайтыс болған. Ал Целиноград ауданында Түркістан облысының 22 жастағы тұрғыны электр тогының соғуынан қаза тапты, — деп хабарлады ведомство.
Қазір полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр. Тергеу нәтижесінде заңнамаға сәйкес тиісті процессуалдық шешімдер қабылданады.
Белгілі болғандай, Зеренді ауданында көз жұмған ер адам шөп тайлайтын престің механизміне қысылып қалған.