Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Ақмола облысы Зеренді ауданындағы Игілік ауылының тұрғындары жолдың шайылып кетуінен ауылға көлік қатынасы қиындағанын айтып, шағымданған.
Зеренді аудандық әкімшілігінің мәліметінше, еріген су ағыны салдарынан Игілік-Жамантұз жолындағы су өткізгіш құбыр шайылып кеткен.
- Қанай би ауылы арқылы балама жол бар. Шайылып жатқан жерде бақылау бекеттері орнатылды. Қалпына келтіру жұмыстары су деңгейі төмендегеннен кейін жүргізіледі. Ауылда су тасқыны қаупі жоқ. Жағдайды жергілікті билік үнемі бақылап отыр, - деп түсіндірді әкімшілік.
Айта кетейік, бұған дейін Көкшетауда көпір опырылғаны хабарланған болатын.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Кокшетау. Акмолинская область. Новости. Реклама (@sinegor.kz)