Ақмола облысында сауықтыру лагерінде балалар уланып қалды

01.07.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

АСТАНА, 1 шілде – Sputnik. Ақмола облысы Біржан сал ауданында білім беру-сауықтыру орталығында балалар уланып қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Біржан сал ауданындағы лагерьден улану белгілері бар 4 бала ауруханаға жеткізілген. Балалар құсып, дене қызулары көтеріліп, іштері өткен.

"Балалар инфекция бөлімінде емделеді. Жағдайлары тұрақты, ем толық көлемде қабылданады", - дейді дәрігерлер.

Тағы екі бала дәрігерлер бақылауында, олар лагерьге қайтарылған.

Әлеуметтік желіде балалар Біржан сал ауданындағы "Lingvo Camp" балалар білім беру-сауықтыру орталығында демалғаны айтылып жатыр. Оқиға орнына санитарлық дәрігерлер барған, қазір тексеру жүріп жатыр.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью