Ақмола облысында шахтада күзет қызметкерінің денесі табылды

24.03.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

АСТАНА, 24 наурыз – Sputnik. Ақмола облысындағы Ақсу шахтасында күзет қызметкерінің денесі табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Әлеуметтік желіде тараған мәліметке сәйкес, ер адамның жансыз денесі күзет бөлмесінен табылған. Оны әріптесі көріп, бірден хабар берген. Ақмола облысының еңбек инспекциясы күзет қызметкерінің қайтыс болғанын растады.

"2026 жылдың 24 наурызында "АК Алтыналмас" АҚ заңгерінен Ақсу кенішінің учаскесінде болған жазатайым оқиға туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға бойынша Ақмола облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаментімен арнайы тергеп-тексеру тағайындалып, жүргізілетін болады", - дейді мамандар.

Айта кетері, бұған дейін "АК Алтыналмас" АҚ-сына қарасты Бестөбе шахтасына заңсыз түскен үш адамды топырақ басып қалған. Біреуі көз жұмды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью