Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды.. АСТАНА, 20 қаңтар - Sputnik.
Ақмола облысы Бестөбе кентіндегі шахтадан ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.Мәйіт "Новая" кенішінде табылған.
Полиция марқұмның кім екені белгілі болды дейді."Ол 1991 жылы туған Степногорск қаласының тұрғыны.
Шахта аумағына заңсыз кірген", - дейді полиция департаментінің баспасөз қызметі.Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.Қылмыстық Кодекстің 269-1-бабы 3-бөлігі "Абайсызда адамның өліміне әкеп соққан күзетілетін объектіге заңсыз кіру" бойынша тергеу жүріп жатыр.
Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.