Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
АСТАНА, 11 қаңтар – Sputnik. Ақмола облысында 873 млн текше метрге дейін тасқын су жинауға мүмкіндік беретін Есіл контрреттегішін салу жобасы мемлекеттік сараптамадан оң қорытынды алды, деп хабарлайды Су ресурстары және ирригация министрлігі.
Нысан Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы елді мекендерді су басудан қорғайды.
"Контрреттегіш тасқын судың бір бөлігін жинауға және қайта бағыттауға мүмкіндік береді. Бұл оның Есіл өзенінің төменгі ағысында қауіпсіз өтуін, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысының Сергеев және Петропавл су қоймаларының тұрақты жұмысын қамтамасыз етеді. Бұдан бөлек, нысан 25 мың гектарға дейін суармалы жерді сумен қамтамасыз етеді", – деді вице-министр Ерболат Ибрайханов.
Жобаны биыл Азия даму банкінің қолдауымен жүзеге асыруды бастау жоспарланып отыр. Айта кетері, былтыр желтоқсанның басында Су ресурстары және ирригация министрлігі мен халықаралық қаржы ұйымы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған болатын.