Zakon.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабаршлауынша, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері заңсыз өндірісті ұйымдастыруға қатысы бар адамдарды анықтады, сондай-ақ синтетикалық есірткі дайындау жүзеге асырылған орын табылды.
"17 тамызда полицейлер қажетті жедел іс-шаралар өткізіп, зертхананың жұмысын тоқтатты. Тінту барысында 500 грамнан астам дайын зат, химиялық прекурсорлар, жабдықтар және есірткі дайындау үшін пайдаланылған басқа заттар табылды. Есірткі зертханасын ұйымдастыруға қатысы бар адамдар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды", делінген полиция хабарламасында.
Айта кетсек, бүгін, 2026 жылғы 25 тамызда Қазақстанның Ішкі істер министрлігі есірткі бизнесіне қарсы күрестің ауқымына қатысты жан-жақты мәлімет ұсынды.