Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Ақмола облысында мемлекетке құны 1 миллиард 800 миллион теңге болатын орман қорының жерлері қайтарылды. Бұл туралы өңірлік прокуратура хабарлады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Ақмола облысында мемлекетке құны 1 миллиард 800 миллион теңге болатын орман қорының жерлері қайтарылды. Бұл туралы өңірлік прокуратура хабарлады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Прокуратураның мәлімдеуінше, бұл шара туристік кластердің дамуына кедергі келтіретін мәселелерді шешу мақсатында қабылданған.
"Орман пайдаланушылардың мемлекеттік орман қоры учаскелерін сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорттық мақсаттағы тікелей нысаналы бағыты бойынша пайдаланбай отырғаны анықталды", - делінген қадағалау органының хабарламасында.
Ведомствоның хабарлауынша, орман қорының учаскелері туристік бизнесті ұйымдастыруға ниетті әлеуетті инвесторларға берілетін болады.
Бұған дейін Алматыда мемлекетке 17 миллиард теңгенің жері қайтарылған болатын. "Медеу" өңірлік табиғи паркімен шектесетін, жалпы ауданы 288 гектарды құрайтын екі жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылған.
Прокуратура мәліметінше, даулы учаскелер су қоры бар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жатады және олар сатып алуға жатпайды.