Ақмола облысында вагонның үстіне шыққан жасөспірім жансақтау бөліміне түсті

30.10.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

АСТАНА, 27 қазан – Sputnik. Ақмола облысының Шортанды кентінде теміржол вагонының үстіне шыққан 15 жастағы жасөспірімді жоғары кернеулі электр тогы соқты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Денесінің шамамен 70 пайызын күйік шалған жасөспірім ауыр жағдайда аудандық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді.

"Қазіргі уақытта науқастың жағдайы ауыр. Әзірге оны басқа медициналық мекемеге тасымалдау мүмкін емес. Балалар реаниматологымен кеңес жүргізіліп, дәрігерлер консилиумының шешімі бойынша жасөспірімнің жағдайы тұрақтанғанға дейін аудандық ауруханада бақылауда қалдыру туралы шешім қабылданды", – деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасы.

Оқиғаға байланысты Көліктегі полиция департаменті қылмыстық іс қозғады.

Айта кетері, теміржол вагондарының үстіне шығу адам өміріне аса қауіпті. Жоғары кернеулі электр сымдарына тікелей қол тигізбегеннің өзінде, электр доғасы арқылы ток соғуы мүмкін.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью