Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Фото: Polisia.kz (архив)
Ведомствоның мәліметінше, күдіктілер танымал әлеуметтік желілер арқылы анонимді интернет-дүкендер желісін құрып, өнімдерін сатқан. Тауарлар тұтынушыларға курьерлік қызметтер арқылы жеткізіліп отырған. Ал заңсыз табысты қолма-қол ақшаға айналдыру үшін ұйымдастырушылар үшінші тұлғаларды пайдаланған.
Мүлікке тыйым салынып, ұйымдастырушы қамауға алынды«Схемаға қатысушылар жасырын әрекет ету шараларын сақтап, ақшаны қабылдау және кейіннен қолма-қол ақшаға айналдыру үшін дропперлерді пайдаланған. Қылмыстық жолмен тапқан табыс көлемі 221 миллион теңгеден асты», деп хабарлады агенттік.
Сот санкциясымен күдіктілердің пәтері мен автокөлігіне тыйым салынды. Қылмыстық бизнестің негізгі ұйымдастырушысы тергеу изоляторына қамалды.
Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.
Павлодарда құны 100 миллион теңгеден асатын вейптер тәркіленді
Айта кетейік, жыл басынан бері Қаржылық мониторинг агенттігі вейптерді заңсыз өткізу фактілері бойынша 12 сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған. Заңсыз айналымнан 717 мың дана өнім тәркіленген.
Еске салайық, бұған дейін вейптерді заңсыз сатқан семейлік тұрғын 2 жылға сотталған еді.