Ақмола облысында заңсыз еңбек етіп жүрген 70 тен астам Қытай азаматы анықталды

10.09.2026

Sputnik.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

АСТАНА, 10 қыркүйек – Sputnik. Ақмола облысындағы кірпіш зауытының құрылысында заңсыз жұмыс істеп жүрген 75 Қытай азаматы анықталды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.

9 қыркүйекте Целиноград ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері Жабай ауылының маңында салынып жатқан кірпіш зауытына тексеру жүргізген.

"Құрылыс жұмыстарында Қытай Халық Республикасының 75 азаматы заңсыз еңбек ететіні анықталды. Барлығы Целиноград ауданының полиция бөліміне жеткізілді", - дейді полицияда.

Шетелдіктер көші-қон заңнамасын бұзған және рұқсат құжаттарынсыз жұмыс істеген. Әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Айта кетейік, екі күн ішінде көші-қон полициясының қызметкерлері 59 бұзушылық анықтады, оның 39-ын шетелдіктер жасаған. 18 бұзушылық шетелдіктерге тұратын жер беріп, полицияға хабарламау бабы бойынша анықталып отыр.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью