Ақмола облысында жантүршігерлік жол апаты болды: 2 адам қаза тапты

16.06.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Алдын ала мәлімет бойынша, Chevrolet Tracker көлігін басқарған 30 жастағы жүргізуші рөлге ие бола алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Салдарынан көлік 53 жастағы ер адам басқарған КамАЗ жүк көлігімен соқтығысқан.

Жол апатының салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен оның 48 жастағы жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.

Ақтөбе облысында жол апатынан екі адам қаза тапты

Полицияның мәліметінше, КамАЗ карьерлік жұмыстарға арналған жарылғыш заттарды тасымалдап бара жатқан. Жүргізушінің қауіпті жүкті тасымалдауға қажетті рұқсат құжаттары болған.

Сондай-ақ оқиға кезінде жүк көлігінің кабинасында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты күзет қызметкері болғаны белгілі болды.

Аталған факті бойынша полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Айта кетейік, бүгін белгілі айтыскер ақын Салтанат Өтелбаева мен жолдасы жол апатынан қаза тапты.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью