Ақмола облысында жарылыс болған дәмхана иесі қамалды

03.03.2026

Arasha.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Щучинск қаласында жарылыс болған «Центр плова» дәмханасының иесі ұсталды, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Щучинск қаласындағы «Центр плова» дәмханасында орын алған өрт дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 292-бабы 3-бөлігі («Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық істі арнайы прокурорлар тергеп жатыр. 2026 жылғы 2 наурызда Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес «Центр плова» дәмханасының иесі ұсталды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Тергеу барысы Бас прокуратураның бақылауына алынды.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.

Еске сала кетейік, 27 ақпанда КазТАГ Ақмола облысындағы дәмханада болған жарылыс салдарынан жеті адам қаза тауып, 20-ға жуық адам зардап шеккенін хабарлаған болатын. Кейінірек облыстық денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккендердің жағдайы туралы мәлімет берді.

Бурабай ауданының әкімі Арай Садыков жағдайдың дереу бақылауға алынғанын және жедел штаб құрылғанын мәлімдеді.

Сондай-ақ, бұған дейін Төтенше жағдайлар министрлігі Щучинск дәмханасындағы жарылыстың себептері мен мән-жайын анықтау үшін ведомство басшысы Шыңғыс Әріновтің төрағалығымен ведомствоаралық комиссия құрылғанын хабарлаған еді. Оның құрамына бірнеше мемлекеттік орган мен Ақмола облысы әкімдігінің өкілдері кірді. Комиссияға жан-жақты тергеу жүргізу және алдын алу шараларын әзірлеу тапсырылды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

3 наурызда жарылыстан зардап шеккен тағы бір адам ауруханада қайтыс болды.
 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью